Ұнның бағасы өсті
Ұнның бағасы өсті
368
оқылды
2020 жылдың алғашқы бес айында 1,28 млн тонна ұн өндірілген, бұл былтырғы көрсеткіштен 11,5%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады. 2019 жылдың қаңтар және мамыр айларында да өндіріс 17,4%-ға азайған еді.  Өнім ең көп өндірілген өңір (жалпы өндірістің 31,5%) – Қостанай облысы: 402,5 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға кем. 11,3%-ы Шымкентте шығарылған: 144,4 мың тонна, биыл 33,5%-ға азайды. Өндірістің 10,7%-ы Ақмола облысына тиесілі: 137,1 мың тонна, былтырғыға қарағанда 11,4%-ға аз. Ескере кететін жайт, ішкі нарықтағы ұн сатылымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1%-ға кем. Экспорт та пандемия кесірінен іркіліп қалды. Бірінші сұрыпты ұн бағасы да инфляция деңгейінен (6,7%) үш есе, ал жоғары сұрыптысы 3,4 есе көтерілді.