ҰҚК-ның мәліметінше, шекара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жабылды. Мұның жыл сайынғы тәжірибе екені айтылады: екі ел арасында «Қазақстан – Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» 4-бапта жазылған келісім жасалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 26 маусымда шекара қайта ашылады.
Бүгін Қытайда түрлі түсті қайықтармен жарыстар ұйымдастырылады.