Өз ұлтымыздың мәдениетін сақтау, ұлттық код, әлемде орын алып жатқан жаңашылдықты қабылдауға ашық болу – Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында осындай тапсырмалар қойды. Ақанаевтар әулеті суретшілерінің туындылары ұлттық нақыш, танымдылық, аңыз-әңгімелер және заманауи стиль мен техникасы жағынан ерекшеленеді. Бұл суретшілердің еңбектері Қазақстанда және өзге де шетелдерде танымал және халық ерекше қабылдайтын туындалар екені бекер емес.
Ақанаевтар – Қазақстанның мәдениетіне зор үлес қосқан үлкен суретшілер әулеті. Әулет суретшілерінің жұмыстары қазақстандық және шетелдік қорларда қойылған. Суретші Ақанаевтар әулетінің тамыры сонау 20-ғасырдан бастау алады. Ақанаев Әтібек пен Сатпаева Бүбіханның отбасында болашақ Қазақстанның мәдениет қайраткері дүниеге келді. Студент шақтарында отбасын құрып, көркем сурет графика, инсталляция мүсіндеуші шеберлері Руслан, Ботагөз, Ескендір Ақанаевтар дүниеге келген. Әулеттің 4-ұрпақтары да бұл өнерден алыс емес, Аспарух Ақанаев көркем фото шебері, Мұхит Мырза-Али-Ақанай – графика, коллаж, иллюстрация, комикстер құраушы. Ақанаева Рада – фотограф. Ақанаева Александра – фотограф және көркем сурет шебері. Антощенко-Оленов Глеб – мозайка өнерін игерген. Суретшілердің жұмыстарын жарқын энергетика байланыстырады. Картиналарда өмір бардай, тыныстап тұрғандай...
Көрмеде еліміздегі белгілі суретшілер әулетінің ұрпағы Ақанаев Руслан Амандосұлының жұмыстары қойылған. Р. Ақанаев жан-жақты, дарынды суретші. 1993 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
Руслан Амондосұлы Ақанаев 1968 жылы 14 сәуірде Алматы қаласының Мичурин ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көремсурет училищесінің безендірушілік факультетін бітірген, суретші-безендіруші.
Келушілерге көрме күнделікті сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық.