Карантин салдарынан табысын көп жоғалтқандар қай өңірде?
Карантин салдарынан табысын көп жоғалтқандар қай өңірде?
© сурет интернеттен алынды
168
оқылды
Карантин салдарынан қай өңір тұрғындары табысын көп жоғалтқаны белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. «Мұны жұмыспен қамту органдарына тіркелген тұлғалар санына байланысты қадағалап отыруға болады. Аталған органдардың дерегіне сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелгендердің пайыздық үлесі Түркістан мен Алматы облысында жоғары болып тұр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, карантин салдарынан ірі қалалардың тұрғындары кірісін көп жоғалтқан. «Карантин шектеулеріне, індетке байланысты жұмысынан айырылған адамдарды бағалау тұрғысынан алар болса, онда сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдардың көпшілігі табыссыз, жұмыссыз қалды. Ал олардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелген», - деді Біржан Нұрымбетов.