Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады, - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Владимирович Цойдың кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылдады.