"Коронавирус ешкімді аямайды". Цой Біртановтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
"Коронавирус ешкімді аямайды". Цой Біртановтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
205
оқылды
Жаңа тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. "Құрметті Елжан Амантайұлы, еліміз үшін қиын кезеңде короновируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрдіңіз. Сіздің өңірлердегі, инфекция ошағындағы, халықпен және мамандармен бірге атқарған жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіне оң әсер етті. Өкінішке орай, вирус ешкімді аямайды. Тезірек сауығып, ортамызға оралыңыз", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Еске сала кетейік, бұған дейін Елжан Біртановтың Мемлекет басшысына Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатуға өзі өтініш бергенін жазған болатынбыз. Жаңа Денсаулық сақтау министр болып Алексей Цой тағайындалды.