Праймериз – елдегі сайлау парадигмасын жаңғыртады
Праймериз – елдегі сайлау парадигмасын жаңғыртады
303
оқылды
 Бұл жаһан жұртшылығы, шетел­дік сарапшы қауымы Қа­зақстан басшылығының және «Nur Otan» партиясының демократиялық ұстанымын оң бағалайтынын білдірсе керек. Д.Дафф ашық праймериз Қазақстан тарихында алғаш рет өткелі тұрғанына АҚШ оқырма­ны­ның назарын аудартты. Оның бай­ламынша, бұл шара депутат­тыққа кандидаттар мен қоғам ара­сындағы қарым-қатынастың тиім­ділігін арттырады. Жалпы, ашық праймериз – сай­лауға билеуші партия атынан түсетін ең үздік үміткерлерді ірік­теп алуға да, сонымен қатар элек­тораттың ынта-ықыласын күшей­тіп, оны парламенттік додаға жұ­­­мылдыруға да мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда «Nur Otan» праймеризі – тек ішкі пар­тиялық шара болумен шектел­мей, жалпы мемлекеттік мін­дет­терді шешуге де қызмет етеді. Алдын ала іріктеуге елге бел­гілі әрі беделді тұлғалар молынан қатысарына сенімдімін. Әрине, олардың артында өз аудиториясы, жақтаушылары, тіпті фанат-табынушылары тұр, олар байыз таппай қимылдап, дауыс беруге белсенді қатысары сөзсіз. Демек, «бастапқы сайлау» Елбасының партиясына жаңа көшбасшы­лар­дың ғана емес, жаңа мүшелердің үлкен легін әкелуі ықтимал. Индивидуализм шарықтау шегіне жеткен біздің заманы­мыз­да әлемдегі барлық елде сайлау се­кілді мемлекет өмірі үшін аса маңыз­ды саяси науқанға қоғам, әсі­ресе жас ұрпақ тарапынан қы­зығушылық төмендеуде. Бұл сая­си процестерден халықтың басым бөлігінің тыс қалуына соқтырады. Тиісінше, демократиялық ұстын­дар әлсірейді. Мұндай жағдайда дүниежүзін­де үгіт-агитациялық емес, жұмыл­дыру-мобилизациялық техноло­гиялар танымал болуда. Соның бір тетігі саналатын, ашық пікір­сайыс­тарға құрылған праймериз бұқараның саясатқа тартылуына серпін беруі тиіс. Сондай-ақ бастапқы іріктеу кезінде-ақ сайлаушылардың басым даусын жиып, «қалаулы» мәртебесін иеленген адамдардың кейін Парламент депутатына айналуы заң шығарушы биліктің легитимділігін арттырады. Біз тілдескен халықаралық са­рап­шылар «Nur Otan» партия­сы­ның праймеризі – оның заң жү­зінде қол жеткізген саяси үс­тем­­ді­гін ары қарай сақтауға ықпал ететін қуатты тетік деген байлам айтты. Аталған шара қазақстан­дық­тарға кандидаттарды жақынырақ, жақсырақ тануына, ал үміткерлер­ге сайлаушыларды мазалайтын мә­селелерді түсінуіне жол ашады. Осының арқасында өз өңірінің, қоғамның әртүрлі қабатының мүд­делерін шынайы ұсынатын және оның түйткілдерінің нақты ше­шімін білетін адамдар депутат­тық корпусқа өтеді. Мұндай Пар­ла­мент тиімді және жұмысқа ба­рын­ша қабілетті болмақ. Осылайша, Мәжіліс пен мәс­лихаттар сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясы елде сайлау өткізудің отыз жылдан астам уа­қыттан бері қалыптасқан пара­диг­масын түбегейлі өзгерткелі отыр. Бұл ретте партия бұрынғы­дай өз тізіміне кіретін тұлғаларды та­ғайындайтын орган рөлінен ке­теді де, енді сайлаушы мен үміт­кер арасындағы ізгі араағайын қыз­метін атқарады. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясына болашақта сайлаушыларды сайлауға белсенді қатысуға үндеудің, яғни бил­бордтар іліп, ақпарат құралдарын­да жарияланым орналастырып, қаржы шығындаудың, осы бағыт­та орасан зор күш жұмсаудың қа­жеті болмай қалуы мүмкін: өзі қа­лаған тұлғаны Парламент не­месе мәслихат төрінен көру үшін қазақстандықтардың әр тобы дауыс беруге өз еркімен құлшына жететін болады. Билеуші партияның прайме­ри­зі барынша ашық, әділ, әрі де­мок­ратиялық сипатта өтіп, ел көңі­лінен шығады деген үмітте­мін.  

Зейін САБЫРҚҰЛОВ, саясаттанушы