6 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
6 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
395
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 1991 жылдан бері 1 мил­лионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алған. Бұл еліміздегі халықтың – 6 пайызы. «Биыл 1 маусымдағы есеп бойынша республикамызға 3 245 отбасы, 6 361 этникалық қазақ көшіп келді. Қандастар мен қоныс аударушылардан тұратын жалпы саны – 2 224 адам. Оның ішінде, 631 отбасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына қоныстанды», – деді Біржан Нұрымбетов. Айта кетейік, биыл Президент 13 мамырда көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойды. Заңда қандас ұғымы енгізілді. Осыған сәйкес, этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматы бол­мағаны басты өлшем болып саналады. Ата­жұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азамат­тығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы бар.  

Н.БАҚЫТ