«Алтын тұғыр» жарыққа шықты
«Алтын тұғыр» жарыққа шықты
388
оқылды

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Ұлттық акаде­мия­лық кітапханада «Алтын тұғыр – 2019» ІІІ томдық әдеби жинағы­ның тұсаукесері өтті. Жинаққа «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсына қатысқан шығармалар поэзия, проза, дра­ма жанр­ла­ры бойынша топтастырылған. Әдеби жинақтың тұсау­кесер салта­на­тына зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушы­лар, драматург­тер, кон­курс­тың 2018 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Ауыл» партиясы  ауылдың  дәстүрлі өмір салтын дәріптеп, он­дағы әлеуметтік, рухани мәсе­ле­лерді көркем шығармалар арқы­лы көпшілік назарына ұсыну мақ­са­тында 2016 жылдан бері «Ауы­лым – алтын тұғырым»  әдеби-он­лайн конкурсын ұйым­дас­тырып келеді. Конкурстың нәтижесі бойын­ша «Алтын тұғыр» ІІІ том­дық жинағын басып шығару да игі дәстүрге айналды. Әдеби жинақ  «Ауыл» партиясының аймақтар­дағы филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі  кітапханаларға таратылады. 

«Ауыл» партиясының төра­ға­сы Али Бектаевтың айтуынша, жыл сайын «Ауылым – алтын тұғырым» кон­курсының қатысушылары кө­бе­йген, әсіресе жас қаламгер­лер­дің қызығушылығы арта түсуде.

«Біз – ауылдың суын ішіп, дәмін татып, ауасын жұтып өскен халық­пыз. Уақытында тілімізді де, бүкіл салты­мыз бен дәстүрімізді де, рухани бай­лы­­ғымызды да сақ­тап қалған ауыл. Міне, осы ауыл та­қыры­бын­да біздің ақын­дар, жазу­шылар өзде­рі­нің шы­ғарма­ла­рын жазып, ауыл құндылық­та­рын дәріптеп келе жатыр. Біздің тағы бір мақсатымыз – жас қа­лам­­герлерді қолдап, оларға мүмкін­дік беріп, жазған дүниелерінің жа­рық­­қа шы­ғуы­на ықпал ету болған. Бұл жос­па­рымыз орындалып келеді. Біз­дің үш жылдық еңбегіміз міне, биыл 9 том­дық салмақты жинаққа айнал­ды». 

«Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн-конкурсы  биыл да өз жалғасын тапты.  Қа­лам­­герлердің шығармалары auyl.kz порталында онлайн түрде қа­был­­дануда. Дарынды қалам­гер­лері­міздің ауыл тақыры­бын­­дағы тың туындылары қазір­гі әде­би­етіміздің қорына қомақ­ты үлес болып қосылары даусыз.


Ақбота ӘЛІМ