Бас жүлде – Әсима шеберде
Бас жүлде – Әсима шеберде
383
оқылды

Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық домбыра» күніне орай домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлері арасында «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтті.

Атырау облысы тарихи - өлке­тану музейінің ұйымдасты­руы­мен өткен тағылымды шараның мақса­ты – қазақ халқының ұлттық құн­ды­­лықтарының бірі – домбы­ра­ның артықшылықтарын көрсете отырып, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сан ғасырлық тарихы бар саз ас­пап­тарын жасау шеберлігін жандан­дыру және насихаттау, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушы­лығы мен құрметін арттыру.

Республикалық байқауға рес­пуб­ликаның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызы­лорда, Маңғыстау, Түркістан, Шы­ғыс Қазақстан облыстарында домбыра жасау шеберлері сайыс­та­рында жүлделі орындарға ие болған 30 үміткер қатысты.

Байқауда домбыраның үні таза, қоңыр, тембрі жұмсақ, құлаққа жағымды болуы, ішектің тербелісі жиі болуы, дыбысының неғұрлым алыс­қа жетуі, бет қақпағының жаң­ғырығы мол болғаны, басы мен аяғы бірдей «сөйлеуі», бауыры жұмсақ, мойны ыңғайлы келуі, домбыраның сырт пішіні эстети­ка­лық тұрғыдан әсем және үйле­сім­ді болуы 7 түрлі талап бойынша бағаланды.

Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер, комиссия төрағасы Шәміл Әбіл­таев, Мәдениет қай­рат­кері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының до­центі Мұрат Әбуғазы, «Бейбіт­ші­лік әлемі» халықаралық қазақ шы­­ғар­машылық бірлестігі Ха­лықа­ралық қолөнер шеберлер ода­ғы­ның мүше­сі, «Үкілі домбыра» байқауы­ның Құрманғазы атын­дағы сыйлы­ғының иегері Аманжан Садуа­қа­сов, Д.Нұрпейісова атын­да­ғы Ака­демиялық қазақ халық аспап­тар оркестрінің көркемдік жетек­шісі, әнші, термеші, «Мәде­ниет саласының үздігі», Құрмет орде­ні­нің иегері Қайрат Кәкімов­тер қазы­лық етті.

Респбуликалық байқаудың жеңім­паздарын марапаттау Құр­манғазы мәдениет сарайында өтті.

Байқау қорытындысы бойын­ша бас жүлдені Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласының тұр­ғы­ны, жеке кәсіпкер, домбыра жасау шебері Әсима Иманғалиева қанжығасына байлады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер, комис­сия төрағасы Шәміл Әбілтаев: «Бай­қаудың қазылар алқасына таң­даулы адамдар шақырылған екен. Аршадан домбыра жасаушы жалғыз шебер Аманжан Сәдуақа­совты қазылар алқасына шақыр­ған­дарыңыз дұрыс шешім болған. Байқауда бас жүлдеге лайық болған Әсима Иманғалиева жалғыз әйел шебер екен. Бірақ біз оның жалғыз әйел шебер болғаны үшін бағалаған жоқпыз. Шебер еңбегін бағаладық. Ол да орын алуға ынталы болып, қа­зылар алқасына адам салған жоқ, өте қарапайым адам
екен», – деп, домбыра шеберлеріне алғыс айтты.

Байқаудың жүлделі І орыны Алматы қаласының тұрғыны Азат Үзенбаевқа, ІІ орынды Алматы қала­сының тұрғыны Талант Теже­ке­­нов пен Алматы облысының тұрғы­ны Әсет Исекеев, ІІІ орынды Қызылорда облысының тұрғыны Мейірбек Ділманов, Алматы қала­сы­ның тұрғыны Ғайни Жұма­баев және Шығыс Қазақстан облысы­ның тұрғыны Ерасыл Уалиев ие­лен­ді. Байқауға қатысып, жүлделі орын ала алмаған шеберлер алғыс- хаттармен марапатталды.

Байқау барысында музейдің «Этно­графия» және «Өлке таби­ғаты» залдарында қолөнер шебер­ле­рінің домбыра жасаудан шебер­лік сағаттары және тері, ағаш бұйымдарынан көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 

Атырау облысы