Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз екіжақты пневмония диагнозымен қайтыс болды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
"1995 жылғы Нұр-Сұлтан тұрғыны 19 маусымда жедел жәрдеммен № 1 қалалық ауруханаға жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде ентігу, ауа жетіспейтінін, дене қызуы көтерілгенін және әлсіреу болғанына шағымданды.
Ауыр жағдай тыныс алу жетіспеуіне байланысты болды. Қарқынды терапияға қарамастан науқастың жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - делінген хабарламада
Дәрігерлер реанимациялық шаралар өткізді, бірақ соған қарамастан 25 маусымда биологиялық өлім анықталды. Диагноз-ауыр дәрежедегі екі жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі. Марқұмда коронавирус бар-жоғы хабарланбады.