Демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытады
Демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытады
© сурет интернеттен алынды
230
оқылды
Синоптиктер 27-29 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклон аймағында болады. Солтүстік циклондар солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық өңірлерге мол жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура +2-10 градусқа дейін, күндіз +10-18 дейін төмендейді. Атмосфералық фронттарға байланысты жел күшейіп, дауыл соғады және бұршақ жауады.