Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма берді.
«Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter - дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 19750 адам коронавирус жұқтырған, 12548 адам сауықты, 150 адам қайтыс болды.