– Алайда қазіргі таңда қазақстандықтар қолжетімді көліктің кез келген түрімен шетелге шығып, қайта орала алады. Сонымен бірге шетелдіктерге де Қазақстанға кіруге рұқсат бар, – дейді Олег Фисенко.Қазақстандықтар Ресейдегі туған-туыстарымен қауышқысы келсе, оған ешқандай кедергі жоқ. Тек бір ескеретін жайт, жасөспірімдер шекарадан тек ата-анасымен бірге өте алады. Сондай-ақ шекарадан шығу үшін елден не себепті кетіп бара жатқанын түсіндіретін құжат болуы керек. Ал Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелге емделу мақсатында шекарадан қандай құжаттармен өтуге болатынын айтты.
– Шетелге емделу үшін шығатын адамда алдымен дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі болуы тиіс. Сол жерде науқасты шұғыл емдеу туралы жазылады. Сонымен шетелдегі медициналық мекеменің шақыру хаты болуы шарт. Аударманы нотариус рәсімдеуі қажет. Міне, осы екі құжатпен шекарадан кедергісіз өтуге болады, – дейді Байғабылов.
Айдар ДӘУІТҰЛЫ