Qutty meken ұлттық жобасы аясында объектіде жүргізіліп жатқан жұмыстармен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мониторинг тобы танысты.
Сонымен қатар осы жылы аяқталатын орталық қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта орталық қазандыққа 46 нысан, оның ішінде 15 көппәтерлі тұрғын үй қосылды. Биыл 34 тұрғын үйді қосу жоспарлануда. Барлығы қазандықтың жөндеуге және магистральдық пен таратушы желілерін құрылысына 1 млрд 865 млн теңге жұмсалған.
– Бірінші резервтік қазандықты есепке алмағанда қазандықтың жұмыс өнімділігі 15,05 Гкал/сағ құрайды. Қазандықты жөндеуге облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталуда: қож шығару желісі жөнделді, үрлеу желдеткіштерінің подшипниктері мен редукторлардың подшипниктері ауыстырылды, қарау алаңы жөнделді, 4 қазандық нығыздалды, – деп атап өтті «Мехколонна Ремстройсер-вис» ЖШС мердігер ұйымның директоры Леонид Рапацевич.
Аудан орталығы Бескөл ауылындағы бірнеше үй соңғы 6 жыл бойы орталық қазандық арқылы жылытылып келді. Тұрғындар жылу мәселесі бойынша ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты.
– Үйімізге жылу келіп тұр. Алдыңғы жылдары жылу беру маусымы кезінде де ешқандай проблема болған жоқ. Көршілер де дән риза. Бізді көшенің тұрғындарының бұл мәселе бойынша ешқандай шағымдары жоқ. Егер орталықтандырылған жылу жүйесіне алдағы уақытта көп үйлер қосылса, онда бұл тұрғындар үшін жақсы жаңалық болар еді. Міне, сол кезде жұрт отын, көмір сатып алу керек деп әуре-сарсаңға түспейді. Партия бүгінде осы жұмыстарға бақылау жүргізіп жатқанынан хабардармын, – деді Әсия Жақыпова.
Қызылжар ауданында Qutty meken ұлттық жобасы аясында 100-ден астам нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың барлығы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының және мониторингтік тобының тұрақты бақылауына алынды.