Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесін Абай күнімен толықтырған жоба қаулысын жариялады.
Қаулыда Қазақстанда 10 тамызда Абай күнін атап өту ұсынылған. Жоба 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін талқыға түседі. Tengrinews.kz жазуынша, жоба «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың 2020 жылғы 21 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда ұлы ақынның 175 жылдығы атап өтіледі.