Елордадағы жауын суы ағатын құбырлардан 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды (видео)
Елордадағы жауын суы ағатын құбырлардан 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
399
оқылды
Қала көшелерінің су басуынан сақтау үшін әкімдік жауын суы ағатын кәріз салу және коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. [caption id="attachment_53966" align="alignnone" width="1024"]құбыр ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Баспасөздің мәлімдемесе бойынша, құбырлардың жөндеу жұмыстары – Иманов, Бараев, Ташенов көшелерінде жүргізілуде. Бұл жөндеу 2021 жылы аяқталады.
[embed]https://youtu.be/Lma2H3bg37Y[/embed] «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының міндетін атқарушының айтуынша, бұл – су басатын учаскелердің бірі. Ташенов көшесіндегі ұзындығы 530 метрлі коллекторы лай мен балшықтан тазартылды. Одан 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Осының кесірінен құбырлар толығымен бітеліп, коллектордың жұмысын қиындатып тастаған.
«Тазалау жұмыстары әлі жалғасады. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты (Тәшенов және Амман көш. қиылысы) тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл тазалау құрылғылары – Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басудан сақтайды», – деді «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының міндетін атқарушы Марсель Ұзақов.
Негізі, қалада коллекторлардың жалпы ұзындығы – 354 км, оның 134 шақырымын әлі тазалау қажет етеді.