Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады
Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады
фото: ашық дереккөз
313
оқылды
Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. «Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Үлестік құрылыс – күрделі мәселенің бірі. Кей үйлерде қазаншұңқыр ғана болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана бар. Бірақ әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Бүгін, «Қорғалжын орамы», «Триумф Есіл-2», «Тұран Сығанақ» нысандарына бардым. Инвесторлар анықталды. «Қорғалжын орамында» құрылыс жұмыстары қайта басталды. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады», - деді елорда әкімі.    width= Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп үй салынып, пайдалануға берілетін болады. 8 мың үлескері бар 20 үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын алады.    width=