Шымкентте 171 оқушы сынақ тәртібін өрескел бұзғаны үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.
Сонымен қатар, 51 түлектің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы тест ережесіне бағынбаған. Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған. Алайда оларға әлі де бір мүмкіндік бар.
Тамызда кешенді тестілеуге қатысып, ақылы оқуға түсуіне болады. Биыл Шымкентте 8 885 шәкірт мектеп бітіріп жатыр. Оның 8 мың 570-і ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген. Айта кетейік, Шымкентте тесттілеу 1 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салайық, биыл Қазақстанда ҰБТ 21 маусымда басталды. Бірінші күні емтиханды тек 6,5 мың талапкер тапсырған.