Египет билігі карантин режимін жеңілдетіп, мейрамхана мен дәмхана және спорттық клубтарды қайтадан ашты, – деп хабарлайды «Хабар 24.
Кинотеатрлар мен театрлар да жұмысын қайта бастады. Ал мешіттер мен шіркеулер бірқатар шектеулермен есігі қайта ашылды.
Бірақ аталған орындар індеттің таралуына жол бермес үшін бірқатар сақтық шараларын орындауы тиіс.
Мысалы, мейрамхана мен дәмханаларда келетін адамдар 25%-тен аспауы тиіс. Келушілер бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.
Телеарнаның мәліметінше, Египетте 63 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан.