Денсаулық сақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына байланысты түсініктеме берді
Денсаулық сақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына байланысты түсініктеме берді
© сурет интернеттен алынды
5,166
оқылды
Ғалым, журналист Қуандық Шамахайұлы 29 маусымда әлеуметтік желідегі парақшасында дәрігер мен мейіргер түнгі ұйқысынан оятып, бір қағазға қол қойғызып, дәрі бергенін жазған. «... 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2:00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. «Не зат?» десем, «вирустан сақтайды» дейді. Қастандық деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Осы жазбасынан соі көп уақыт өтпей Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қуандық Шамахайұлын жедел жәрдем қызметі 23 маусым күні COVID-19 күдігімен N1 көпсалалы қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізген. «Диагнозы – ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмония. Диагностика мен емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусым күні жүрегі тоқтап қалды. Жансақтау шаралары жүргізілсе де, науқас қайтыс болды. Өлімнің себебі тергелуде, нәтижесі туыстарына хабарланады», – делінген хабарламада.