Шетелдегі қазақтар үшін ана тілінде сабақ оқытатын онлайн сыныптар 12 мемлекетте ашылмақшы. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Отандастар» қорымен бірлесіп алынған жоба үкіметтің қолдауын тапты.
2018-2022 жылдарға арналған жобада мәдени және бизнес үйлері ашылды екен. Бүгінде мұндай орталықтар Қытайда, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Германияда және Түркияда бар екен.
– Қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін оқытатын 31 онлайн-сыныптар ашылды. Биыл оларда 2,5 мың бала оқитын болады, – деді ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.