Археологтар құнды жәдігерді тапты
Археологтар құнды жәдігерді тапты
Фото: Дереккөзден алынды
362
оқылды
Табылған жәдігерде бір ғана сөз емес, бүтіндей мәтін сақталған, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, көне жәдігер біздің заманымыздың бірінші ғасырына жатады. Яғни әлі кең көлемде зерттеле қоймаған Қаңлы мемлекетіне тиесілі. Тақтайша Күлтөбе қалашығынан табылды. Қазір ол жерде Қазақстан орталық музейінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкиннің айтуынша, кірпіштегі жазу оңнан солға қарай жазылған. Онда 7 жол және 218 таңба бар. Құнды мұра қазақ тарихының жылнамасына жаңалық енгізуі мүмкін. Жазу бұл өңірде өркениеттің болғанынан хабар береді. Қазір ғалымдар жазбаның құпиясын ашып, мағынасын оқу үшін зерттеп жатыр.
Тарих ғылымының кандидаты Александр Подушкин: «Қатакөмбе қорымынан да көптеген  құнды археологиялық материал табылды. Онда 4 адамның жерленгені анықталып отыр. Және алқалардың жиынтығы, сырғалар және  қоладан жасалған бұйымдар керамика, т.б. заттар көмілгені белгілі болды», – деді.