Осы орайда Qutty meken партиялық жобасы аясында «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру мақсатында құрылған мониторингтік топ қала бойынша көпқабатты үйлердің аулаларында салынатын 30 жаңа ойын алаңдарының құрылыс жұмысымен танысты.
Бекітілген сызбаларға сәйкес, 1 ойын алаңы 3 жиынтықтан тұратыны белгілі болды. Олар: футбол ойын алаңы, спорттық тренажер, балалар ойын алаңы. Бүгінде мердігер мекемелер тарапынан («СК Сапа kz» ЖШС, «Асанас-дар» ЖШС) 30 ойын алаңдарының 21-де құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 9 алаңның жер учаскелері әлі де дайындалуда.
Аталған мәселені ескере отырып, мониторингтік топ тарапынан алдағы уақытта 9 алаң құрылысын бастау үшін жер учаскелерін дайындау бойынша тиісті жұмыстарды тез арада аяқтау жөнінде ұсыныстар берілді. Жалпы, 30 ойын алаңын салу үшін республикалық бюджеттен 525 миллион теңге бөлінген. Ал нысан құрылыстары 2020 жылдың 31-тамызына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, ойын алаңдарының сапасы және құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуы партия филиалының бақылауына алынды. Сондықтан алдағы күндері ойын алаңдарының толық іске қосылуына дейін тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіледі.