Биылғы егін бітік шықпас
Биылғы егін бітік шықпас
231
оқылды
Биылғы егін науқанының алдында С.Сей­фуллин атындағы ҚАТУ ғалымдары Қа­зақстанның не­гізгі астық өндіретін облыстары үшін көктемгі егіс жұмыс­тарын жүргізу бойынша нақты ұсыныстарын әзірледі. Біз соңғы 23 жылда осы об­лыс­тарда жауын-шашынның ба­сым мөлшері жылдардың 24% – маусымда, 48% – шілдеде, 13% тамыз айында байқалғанын есеп­тедік. Сондықтан шілдедегі ең жоғары ылғалдылықты ес­кере отырып, Қазақстанның сол­түстігінде ауыл шаруашы­лығы дақылдарын өсіру техно­логиясы мамырдың ортасынан соңына дейінгі қолайлы мерзім­ге үйлестірілген. Әрине, егер бізде дамыған елдердегідей ауа райының нақты болжамы болса, ғылыми кеңес­терімізді де дәлірек айтар едік. Бірақ өкінішке қарай, метео­қыз­мет жұмысының артта қа­луынан астық өндірісінде және жалпы еліміздің ауыл шаруа­шылығында көп мәселе шешіл­мей отыр. Биылғы топырақтың көк­темгі ылғалдылығына қарамас­тан, маусым айында болған құр­ғақшылық егістікті күйдіріп жіберді. Бірақ ғалымдар ұсынған мерзімде егілген алқаптарда жа­қын күндері болған жауын-ша­шын жағдайды біраз оңалтады. Осы жылы сәуір айының соңында және мамыр айының басында егін себуге асыққан диқаншылар­дың өнімдері төмендеу болады, бұл егістіктер құрғақшылыққа ұшырады... Жалпы, тәуекелді егіншілік жағдайында егін себу мерзімін сәтті таңдау арқылы ғана астық­тың өнімділігін бірнеше есе көбейтуге болады. Ал ол – мил­лиардтаған теңге! Сондықтан біздің Прези­ден­тіміз Қ.Тоқаев ғылымды қаржы­ландыруды арттыра оты­рып, өте дұрыс қадам жасап отыр. Бірақ аграрлық саланы күш­ті ғылыми базамен қамта­масыз етумен қа­тар, бізге фер­мерлерді оқыту үшін дамыған елдер үлгісінде бі­лімді таратудың тиімді мемле­кеттік жүйесін құру қажет (extension service). Өкі­нішке қарай, мұн­дай жүйе бізде әлі күнге дейін жоқ.  

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры