Қазақстанда 30 маусымнан бастап карантин күшейетіні туралы ақпарат тарап жатыр
Қазақстанда 30 маусымнан бастап карантин күшейетіні туралы ақпарат тарап жатыр
© сурет интернеттен алынды
294
оқылды
Қазақстанда 30 маусымнан бастап шектеу шараларының күшейтілетіні жайлы тараған ақпарат - жалған, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Әлеуметтік желілерде Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда 30 маусым сағат 00.01-ден бастап белгілі бір уақыт ішінде шектеу шараларын күшейтетіні жайлы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат дұрыс емес. Шектеу шаралары туралы түпкілікті шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссия қабылдайды», -  делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді . Денсаулық сақтау министрі қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданатынын хабарлады.