Атыраудағы дәріханалардың бірін ер адам тонап кетті, - деп жазады ATPress.kz порталы.
Ұры бағалы заттар мен дәрілерді қолды қылған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Азаттық көшесіндегі дәріханалардың бірінде болған. Жас жігіт адам ғимараттың терезесін ашу арқылы ішіне кіріп, ноутбук пен бірнеше дәріні алып кеткен.
Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ұсталған жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.