Қостанай облысында 16,9 гектар орман өртенді
Қостанай облысында 16,9 гектар орман өртенді
226
оқылды
Қостанай облысында орман өрті ауыздықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы аумағында Қарабалық ауданы Талды ауылынан бір шақырым жерде «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ учаскесінде орман өртін сөндіру жалғасып жатыр.
«Аумағы 13,3 Га құрғақ шөп және 3,6 Га орман ағашы жанған. Өрттің жалпы ауданы – 16,9 Га құрады. Жоюға «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ 18 қызметкер мен тоғыз бірлік техника, сондай-ақ «Тоғызбай-Агро» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымдары бір адам мен бір бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Орманшылардың ұйымдасқан және жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз пайдалану.