Былтыр Батыс Қазақстан облысына іссапармен келген “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек апатты үйлердің тұрғындарымен кездескен еді. Сол кездесуде баспанасының әбден тозығы жеткен оралдықтарды жаңа үйге қоныстандыруға партияның күш салатыны айтылды. Нұротандықтар өз сөзінде тұрып, бір жылдан кейін тұрғындар жаңа үйге қоныстанды. Жаңа пәтерде жаңа өмірді бастаған үй иелерінің партияға айтар алғысы шексіз.
-Мына үйге кіргенімізге өте қуаныштымыз, үй сапалы, жақсы. "Нұр Отанға" рақметімді айтамын,- Орал қаласының тұрғыны.
Осылайша 9 қабатты 90 пәтерлік үйге 24 отбасы көшіп келді. Жаңа мекендегі балалар алаңы да бүлдіршіндердің көңілінен шыққан. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы әзірге Батыс Қазақстан облысында ғана жүзеге асырылып жатыр. Халықтың тұрмысын түзеп, мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтуды мақсат еткен нұротандықтар бұл белесті де бағындыратынына сенімді.
"Бақытты отбасы" жобасының аясында жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында жасалған үй. Болашақта 24 пәтерден бөлек, бұл жерде тағы да жоспарда 70-тің үстінде пәтер көшіру жоспарда бар. Яғни, бұл тек қана осы екі үймен шектелмейді. Алдағы уақытта тағы да 477 пәтердің құрылысы жоспарланып жатыр,- деп атап өтті «Nur Otan» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.