14 күндік карантинде ашық аспан астындағы дәмханалар жұмыс істей береді
14 күндік карантинде ашық аспан астындағы дәмханалар жұмыс істей береді
© сурет интернеттен алынды
203
оқылды
5 шілдеден басталатын 14 күндік карантинде бірқатар нысан жұмысын жалғастырады. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мына нысандардың қызметі сақталады:
  • ашық аспан астында қоғамдық тамақтану нысандары;
  • үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • ашық аспан астындағы құрылыс жұмыстары;
  • ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
  • халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер.
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шараларды бекіткен болатын.