Карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынады
Карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынады
© сурет интернеттен алынды
294
оқылды
Карантин режимін бұзған жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға айыппұл салынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
«Карантин режимін бұзғандар үшін 30 МРП айыппұл салынады, жеке меншік нысандарға 230 МРП-дан жоғары салынады. Яғни жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу бойынша қосымша шаралар қолданылады»,-деді Тоғжанов.
Сондай-ақ оның айтуынша, тамыз айында ПТР тест көбейеді.
«Шілде айының соңына дейін провизорлық орын саны 50% өсіп,  28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады.  Тамыз айына дейін  ПТР тестпен қамту 30 мыңнан  39 мыңға дейін жеткізіледі»,-деп мәлімдеді ол Орталық коммуниациялар орталығында өткен брифингте.