Карантин кезінде қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады
Карантин кезінде қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады
© сурет интернеттен алынды
240
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін карантин кезінде көлік қозғалысы қалай реттелетінін айтып берді.
«Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүдделері толық ескерілген. Сол жоспарға негізделе отырып, инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге жариялау туралы шешім қабылданды. Өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлауға рұқсат етіледі. Уақыт бойынша шектеулерді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысы сақталады», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде
Оның айтуынша, бағыттар санын өсірмей, өңірлер арасындағы әуе қатынасы бұрынғы деңгейде сақталады. Теміржол арқылы жолаушылар тасымалы қысқарады. Қалалар арасындағы жолаушылар автобусы қозғалысы уақытша тоқтатылады. Еске сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов қалалар арасында блокпосттар қойылмайтынын айтқан болатын.