Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
© сурет интернеттен алынды
5,246
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты. Елімізде індетті ең көп жұқтырған адамдар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, БҚО, Қарағанды облыстарында  тұрады. Министрдің айтуынша, соңғы бір күнде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1509 адам тіркелген.
«Ең көп ауру тіркелген аймақ – Атырау облысы. Жалпы, Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың барлығын алып қарасақ, 41% профилактикалық тексеру кезінде, 38% ауырғандармен байланыста болған соң және 19% адам дәрігерлерге өзі келген кезде вирус анықталды. 14003 адамның ауруы симптомсыз немесе жеңіл түрде өтіп жатыр, 13 мың адамның ауруы орташа деп бағаланып отыр. Ал, 256 адамның жағдайы өте ауыр», - деді Алексей Цой.