Шектеу шаралары күшейтіледі
Шектеу шаралары күшейтіледі
189
оқылды
Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев бірер күн бұрын Тwitter-де Үкі­меттің 5 шілдеден бас­тап ка­рантин талаптарын кү­шей­туге қатысты жоспар ұсын­ғанын жазған еді. Сол жос­пар бойынша Мемлекеттік комис­сия нақты шешім қабылдады. Мақсат – еліміздегі эпиде­мио­логиялық ахуалды тұрақ­тандыру. Сонымен, еліміздегі сани­тар­лық-эпидемиологиялық жағ­­дайға және коронавирус ин­фек­циясының таралуын тежеу мақ­­сатында бірқатар шектеу шарасы енгізілетін болды. Мемлекеттік комиссия отырысында бұл шаралар жайлы Денсаулық сақтау министрі А.Цой айтып берді. Сөйтіп, 5 шілдеден бастан 14 күн бойы көлік қатынасы, азаматтардың жүріп-тұруы, кейбір нысандардың жұмысына байланысты нақты шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, күні бүгінге дейін тұрақты рейстер ашылған елдерге әуеқатынасы жалғаса беретін болды. Бірақ ті­зімге жаңа мемлекеттер енгізіл­мейді. Сонымен қатар өңірлер ара­сындағы әуе, темір жол қатынасы сақталады. Дегенмен бірқатар шектеу енгізіледі. Ал аймақтар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды. Қоғамдық көліктер жұмысына уақыт шектеуі енгізіледі. Одан бөлек, азаматтардың жүріп-тұ­руы бойынша да бірқатар шек­теу ен­гізілмек. Мәселен, 5 шілде­ден бастап ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шара­лар­ды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады. Бірақ ашық ауада жат­тығу жасауға рұқсат бар. Саябақтар мен көшелерде, скверлерде 3 адам­ға дейін топтасып серуендеуге болады, топтың қарасы бұдан көп болмауы керек. Ал 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу салынады. Бұл олардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екені даусыз. Сондықтан бұқараның мұндай шараларға түсіністік танытатынына сене­міз. Де­генмен коронавирус инфекция­сының өршіп кетуі кәсіпкерлік нысандарының жұмысына кәдім­гідей шектеу салуға мәжбүрлеп отыр. Әрине, қаржылық шығын мол болуы мүмкін, бірақ шек­теу салудан басқа амал жоқ. Комис­сия сұлулық салондары, шаш­тараз, спорт залдары, фит­нес-орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жа­бық базарлар, жағажайлар, аквапарк­тер, мәдениет нысан­да­ры, музейлер, көрмелер, фо­рум­­дар, кон­ференциялар және өзге де ұйым­­дастырылған бұқа­­ралық іс-шаралар, ойын-сауық ор­та­лықтары, мектепке дейінгі ба­ла­лар мекемелері (кезекші топ­тар­дан басқа), діни ны­сан­дардың жұмысына тыйым салды. Ал мемлекеттік органдардың, кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді. Бірақ алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары қызмет көрсете беретін болды. Дәріханалар, азық-түлік дүкендері, ашық базарлар да жұмысын жалғастырады. Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары, үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары, ашық ауадағы құрылыстар, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары, ха­лыққа қызмет көрсету сала­лары, оның ішінде автожуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу қызметі, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер жұмысы жалғасатын болды. Үкімет басшысы жағдайға байланысты бұл шектеулердің мерзімі 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін екенін айтты.  

АмангелдіАмангелді ҚҰРМЕТ