Елбасы партия жұмысын жандандыра түсті
Елбасы партия жұмысын жандандыра түсті
212
оқылды
Ал «Nur Otan» – Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды, саяси және әлеуметтік-экономикалық рефор­ма­лар­ды жүзеге асырушы пар­тия екені мұқым елге бел­гілі. Жалпы, еліміздің тәуелсіздік жыл­дарын­дағы әрбір жетістігі, құнды ше­шім­дер мен заңдардың қабылдануы «Nur Otan» партия­сының қатысуымен өткенін қа­зақ­стандықтар жақсы біледі. Партия Төрағасының бастама­сы­мен жетекші партия уақыт тала­бына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бетке алып келеді. Нақтырақ айтқанда, бүгін­ге дейін «Nur Otan» партиясының бас­та­масымен көптеген ауқымды шара­лар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын таба берері сөзсіз. Басқасын айтпағанда, өткен 2019 жылдың өзінде партияның екі съезі өтті. Сондай-ақ «Nur Otan»-ның 20 жылдығы тойланды. Ал маусым айында Президент сай­лауында «Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіс­ке жетіп, Президент атан­ғаны көп­ші­лікке белгілі. Мұның өзі партия­ның ел алдындағы бе­де­лін көрсетеді. Партияның Саяси кеңесінде сөй­­ле­ген сөзінде Елбасы партия жұ­мысын жаң­ғырту жөнінде ай­тып, «Nur Otan»-ның халықты ал­ға жетелеуші ұйым екеніне ерек­ше тоқталған болатын.
– Партиямыздың дамудың жаңа ке­зеңіне қадам басқанын бә­ріміз түсініп отырмыз. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бе­кем­деп, стратегиялық бағыттан ауытқы­мауы үшін бүкіл қоғамды жұмыл­дыруы тиіс. Бұл бос айтылған сөз емес. Біз – Қазақ­станның, халық­тың ортасындағы елді алға жете­лей­тін ұйымбыз. Егер ондай маңыз­ды міндеттің үдесінен шыға ал­масақ, орнымызды басқа партия ба­сады. Сондықтан жауапкер­шілікті барын­ша сезінуіміз керек. 2050 жылға дейін қабылданған бағ­дарламада Қа­зақстанның да­мыған 30 елдің қатарына қо­сылуын мақсат етіп қойдық. Бар­лық бағ­дарламалар осы меженің төңірегінде тоқайласады, – деді Елбасы.
Партия Көшбасшысы сондай-ақ «Nur Otan» партиясының әркез проб­лемаларды нақты шешу жол­дарын ұсы­нып, тиімді жұмыс іс­теуі керегін сөз ет­ті. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев ал­­да­ғы сай­лаулардың алдында партия­ның жұмысын жүйелі жаңғырту бағ­дар­­ла­масын ұсынып, оны «Сенім. Диалог. Бо­лашаққа нық қадам – «Nur Otan» пар­тиясының 7 сер­піні» деп атады. Тұң­ғыш Прези­дент бірінші кезекте партия­ның белсенді мүшелерін топтастыруға мән берді. Яғни, қоғамдық мә­селелерді ұдайы көтеріп жүрген, оны шешудің жол­­дарын ұсына білетін, өз сөзін дәлел­дей алатын азаматтарды партияға тар­тудың жайын қозғады. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде белсенділік танытпағандар пар­тияның мүшелігіне лайық еместігі ай­тылды. Соның арқасында пар­тия мүшелерінің қоғамда болып жатқан жағдайларға немқұрайды қара­май, дер кезінде үн қатуы, нақ­ты шара қолдануы назарға алынды. Партия жұмысындағы ашық­тықты қалаған, жетекші ұйымның әлеуетін барлық жерде арттыруды көз­деген Елбасы Мәжілістегі фрак­цияның жұмысын күшейтуді қол­ға алды. Бұл – партия міндет­терін орындаудың және атқарушы органдарға ықпал етудің негізгі тетігі екені анық. Ал фракция өз дең­гейінде жұмыс істесе, оның бе­делі де жоғарылайтыны түсі­нікті. Партия Төрағасы сонымен қа­тар халықпен жұмыс істеудің нақ­ты бағытталған ұстанымын ен­гізу­ге баса мән берді. Соның арқа­сын­да егде жастағы адамдарға ар­нал­ған орталықтар құруға жол аш­қан «Ардагерлерді ардақтайық» жо­басы, көпбалалы аналарға қол­дау көрсеткен «Бақытты отбасы» орталықтары сияқты бастамалар көп­теп іске асырылып жатыр. Одан бөлек Елбасы партия төңі­регіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды ұсынған бо­латын. Ауыл жастарымен жұ­мыс істеуді де негізгі міндеттердің бірі санады. Бұл ретте «Ауыл – ел бе­сігі» жобасын әзірленді. Жалпы, бұл жобаның мақсаты – ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашу, оларды ауылда тұрақтандыру болды. Қазіргі кезде Үкімет осы мәселелермен айналысып, тиісті шаралар қолға алынуда. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев Birgemiz қоры арқылы еліміздің шағын қалалары мен ауыл­дарын­дағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсету туралы тапсырма берді. Бүгінгі таңда Елбасы тапсырма­сына сәйкес аталған жұмыстар қар­қынды түрде жүргізілуде. Сон­дай-ақ партияның сайлауалды бағ­дарламасының орындалу бары­сы мен праймеризге дайын­дық шаралары да жіті бақылауға алынып отыр. Мұның бәрі ха­лықтың партияға деген сенімін ны­ғайту үшін жасалып отырған ау­қым­ды жұмыстарының қата­рына кіреді. Қорыта айтқанда, Елбасы «Nur Otan» партиясының алдына кез келген уақыт сынағына сай же­дел және сапалы жауап беру мін­детін қойды. Сол арқылы пар­тия әрқашан күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Осы орайда, Елбасының «Біздің басты мін­детіміз – тұрақтылық, Қазақ­станның өсіп-өркендеуі және қарапайым азаматтардың әл-ау­қа­тын жақсарту. Сондықтан уә­де­лерімізді орындау үшін бар күш-жі­герімізді жұмсауымыз қажет», – деген сөзі ойға оралады. Халқы­мыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, елдің эко­номикалық әлеуетін нығайтуға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­малары үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімдеміз.  

Әбілмансұр ЖАСАН