Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатының тағы да тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Бұл шешім елімізде карантиннің күшейтілуіне байланысты қабылданып отыр. Себебі Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шарасын енгізген болатын.
Олардың арасында спорттық жарыстарға да тыйым салынған.
Естеріңізде болса, футболдан Қазақстан чемпионаты наурыздың ортасында тоқтатылып, 1 шілдеде жалғасқан болатын. Енді ойындардың қашан жалғасатыны шектеу шараларының ұзартылу-ұзартылмауына байланысты.