Футболдан Қазақстан чемпионаты тағы тоқтатылды
Футболдан Қазақстан чемпионаты тағы тоқтатылды
125
оқылды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатының тағы да тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды. Бұл шешім елімізде карантиннің күшейтілуіне байланысты қабылданып отыр. Себебі Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шарасын енгізген болатын. Олардың арасында спорттық жарыстарға да тыйым салынған. Естеріңізде болса, футболдан Қазақстан чемпионаты наурыздың ортасында тоқтатылып, 1 шілдеде жалғасқан болатын. Енді ойындардың қашан жалғасатыны шектеу шараларының ұзартылу-ұзартылмауына байланысты.