Күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
Күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
213
оқылды
Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қолда­ныс­тағы заңнамаға сәйкес, шара­лар қабылданатын болады. Со­нымен қатар полиция қыз­мет­­­керлері дауыс зорайтқыш ар­қылы да түсіндіру жүргізеді. «Дауыс зорайтқышты қолдану – аза­маттарға қолданыстағы ере­желер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Инфек­цияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсау­лығы туралы ойланыңыз», – деп атап өтті Полиция департа­мен­тінен. Патрульдеу бағыттары барлық учаскені қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызмет­кер­лері барлық тұрғын үйлер ауласы мен адамдар көп жиналатын жер­лерді аралайтын болады. Еске салайық, Қа­зақстанда коро­навирусқа қатысты эпи­демио­ло­гиялық ахуалдың өршуіне бай­ла­нысты биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Карантин одан әрі ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін. Осыған бай­ланысты,  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулы­сы жарияланды. Ішкі істер ми­нистр­лігінің бас­шысы қа­зақстан­дықтарға мәлімдеме жаса­ды. Карантин режимі мен санитарлық-эпи­демиологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 83 340 теңгеге дейін, ал кәсіп­керлерге 638 940 теңгеге дейін айыппұл салынады.  

Қ.АНАРБЕК