Партия праймеризіне қатысты мәлімдеме жасады
Партия праймеризіне қатысты мәлімдеме жасады
239
оқылды
«Кәсіподақтар федерациясы Қазақ­стандағы ең үлкен жұмысшылар бір­лес­тігі ретінде Еңбек адамының  құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау арқылы ел­дің дамуына өз үлесін қосуда. Біз жұ­мысшылардың проблемаларына ара­ласу және оларды жұмыс берушілермен қа­рым-қатынаста қолдау мемлекеттің стратегиялық мақсатына қол жеткізудің маңызды шарты деп санаймыз. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестермен ынты­мақ­тас­тыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның жаңа құндылықтарын қа­лыптастыруда айтарлықтай же­тіс­тіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаң­ғырту бағытын біздің ұйымның барлық мү­шелеріне еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қа­тысушы болуға бірегей мүмкіндік бе­реді. Осыған байланысты лайықты бе­де­лі бар және өз ұжымдарында сенім мен құрметке ие кәсіподақ  белсен­ді­лері­мізді «Nur Otan» партиясының прай­­­меризіне белсенді қатысып, осы мүм­кіндікті пайдалануға шақырамыз.
«Nur Otan»  партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масы бойынша алдағы Мәжіліс пен мәс­лихаттарға сайлауға партиялық ті­зім­ге ең мықты кандидаттарды қосу үшін партияішілік сайлау өткізеді. Біз­дің «Nur Otan» партиясымен серік­тес­тігіміз  бір­лес­кен іс-қимылдар мен  ын­тымақтас­тық­ты  үйлестіру мақса­тында қол қойыл­ған Өзара түсіністік ту­ралы меморандум аясында, соның ішін­де праймеризді өт­кізу мәселелері бойынша жүзеге асы­ры­лады.
Кәсіподақтар федерациясы 2 мил­лионға жуық  мүшесі бар және бүкіл ел бойынша кәсіподақ ұйымдарының кең же­лісі, біздің қатарда жүрген партия мү­шелеріне қолдау көрсетуге және өз кан­дидатураларын Парламенттің тө­менгі палатасына  және жергілікті өкілді органдарға жіберуге толықтай қабілетті. Біз өзіміздің негізгі ұстанымдарымыз – әлеуметтік диалог пен әлеуметтік әді­лет­­тілікті өз қызметіміздің басты ба­сым­­дықтары  деп жариялаймыз және «Nur Otan» партиясының бағдарламалық мақ­саттарын қолдаймыз» делінген мә­лімдемеде.  

А.ЖАСАН