Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бас дәрігерлер кабинетте тығылып отырмай,  адамдарға  жағдайды түсіндіруі керек – Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев жамбылдықтардың дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шағымдары бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұңқарбек Батан
Шілде 4, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Сапарбаев жиын өткізді

фото: ашық дереккөз

25
қаралым

Жамбылдықтар жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына, ауруханалардағы төсек-орындар мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне қатысты жиі шағымдануда.

Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бас дәрігерлермен, дәріхана желілерінің өкілдерімен және дистрибьюторлармен кездесу өткізді. Онда қалыптасып отырған жағдайдың себебі мен қордаланған мәселелердің шешу жолдары сараланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, провизорлық стационарлардағы төсек қорының толтырылуы шамамен 50 пайызды құрайды. Ол дәрігерлер аз болғандықтан, науқастарды қабылдауға уақыттары жетпей отырғандығын алға тартты.

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Мектеп құрылысы неге мерзімінде бітпейді?

Бердібек Сапарбаев қабылдау бөліміндегі дәрігерлер санын көбейтуді тапсырды.

«Адамдар ауруханаға келіп, қабылдау бөлімінде бірнеше сағат кезек күтіп отырады. Науқастарға барлық қолайлы жағдай жасаудың орнына ауруханалар одан әрі нашарлатады. Жағдайды тез арада түзету қажет», – деді Бердібек Сапарбаев.

Тұрғындар ауруханаға жатқызылғаннан кейін де қажетінше емдеу шараларын ала алмайтындықтарына, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне шағымдануда.

«СК-Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Айжан Тортаеваның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты жуырда 25,3 миллион теңгеге шұғыл дәрі-дәрмектер жеткізілді. Ол медициналық ұйымдардың өтініші бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізуді жалғастыра беретінін айтты. Бұл мәселені бақылауда ұстау Марат Жұманқұловқа тапсырылды.

Дәрігерлер науқастармен ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарымен де байланыс орната алмауда. Туыстары дәрігерлерден науқастардың жағдайы туралы ақпарат алмайтынын айтады. Бұл тұрғыдағы шағым уақытша провизорлық стационар болып жабдықталған облыстық көпсалалы балалар ауруханасы дәрігерлерінің үстінен түскен. Аурухананың бас дәрігері Азат Сәтжанов бұл кемшіліктер бойынша жұмыстар атқарылғанын, дәрігерлермен түсіндірулер жүргізілгенін жеткізді. Қазіргі уақытта ауруханада жедел орталық жұмыс істейді.

«Бас дәрігерлер кабинетте тығылып отырмай, шығып, адамдарға қазіргі жағдайды түсіндіруі керек. Сонымен қатар, қиын жағдайлардағы азаматтардың денсаулығын сақтау үшін шұғыл нақты шаралар қабылдауы тиіс», – деді аймақ басшысы.

Жиында тағы бір өзекті мәселе ретінде жедел жәрдемнің келу уақытының бірнеше сағатқа созылатындығы айтылды. Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің м.а. Ұлпан Пыхыбаеваның айтуынша, диспетчерлік қызметтің жүктемесі екі есеге артқан.

«Науқас жедел жәрдем қызметін бірнеше сағат күтетін болса, онда кедергісіз медициналық көмек туралы сөз айтудың өзі артық шығар. Жедел жәрдем бригадаларының санын көбейту және олардың жұмысын жүйелеу қажет», – деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегей отырғандығын ескертті. Аймақ басшысы сондай-ақ дәріхана желілерінің өкілдеріне бағаны шекті бағадан жоғары көтеруге болмайтынын баса айтты.

Отырысты қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев коронавирус пандемиясымен күрес жүріп жатқан қазіргідей қиын уақытта мұндай олқылықтарға жол беруге болмайтындығын атап өтті.

 
Тегтер: Бердібек СапарбаевЖамбыл облысымедициналық көмек
Алдыңғы жаңалық

Түркия қазақстандықтар үшін шекараны жабады

Келесі жаңалық

Елорда дәрігерлері ерлеп тұр

Ұқсас жаңалықтар

өрт
Жаңалықтар

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз
Қазақстан

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда
Жаңалықтар

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021
Макгрегор
Жаңалықтар

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 14:49

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 14:23

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 14:01

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 13:57

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 13:36

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 13:13

Порье Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді – видео

Қаңтар 24, 12:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

өрт

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»