Коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін
© РИА Новости
5,192
оқылды
Коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін мерзім аталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жолы болжамды дүниежүзілік WMA дәрігерлер кәсіподағының экс-басшысы профессор Леонид Эйдельман жасады. Ол COVID-19 коронавирус инфекциясының екінші толқыны басқа аурулардың маусымдық өршуі кезінде, қараша-желтоқсан айларында болуы мүмкін екенін айтты. "Оған жақсы дайындалу керек, себебі жағдай COVID-19 симптомдарына ұқсас ЖРВИ-дің маусымы келгенде қиындауы мүмкін. Біз қараша-желтоқсан айларында үлкен толқынды күтіп отырмыз. Себебі ол уақытта жыл сайын респираторлық аурулар өршиді. Жөтеліп, түшкіргендерді COVID-19-дан ажырату қиын болады. Бұл үлкен проблема", - деп ескертті дәрігер. Профессордың пікірінше, қарашада коронавирус жұқтырғандарға ЖРВИ симптомдары бар науқастар қосылса, денсаулық сақтау жүйесі толығымен тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ол барлық есептеу бойынша, аурудың күзгі толқыны карантин шектеулерін алып тастағаннан кейін көбейген жазғы өсіммен салыстырғанда едәуір ауыр болатынына сенімді. Қазіргі уақытта, Эйдельманның пікірінше, осы көктемде айтылған бүкіл әлем бойынша коронавирустың екінші толқынының таралуы байқалады. "Әлемде вирус жұқтырғандардың саны өсіп келеді. Италия, Германия сияқты өсімі төмен елдер бар және Үндістандағыдай жоғарылар бар. Соңғы уақытта Қытайда қайтадан бірнеше вирус ошағы пайда болды. Осылайша бүкіл әлемде инфекция жұқтырғандардың саны 11 миллионнан асты және біз кей зерттеулерде, соның ішінде Нью-Йоркте (АҚШ) және басқа елдерде алынған деректерді экстраполяцияламасақ, вирус жұқтырғандардың саны анықталғандардың санынан асып түседі", - дейді Эйдельман. Профессордың айтуынша, қазір бүкіл ел бойынша шектеулер енгізу дұрыс емес, себебі бұл экономикалық дағдарыстың шиеленісуіне әкелуі мүмкін. Дұрысы - көп жағдай тіркелген аймақты ғана карантинге жабу.