фото: ашық дереккөз[/caption]
Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдары (2010 жылдан бастап) елімізде шамамен 400 млрд теңге сомасына 130-дан астам жаңа машина жасау өндірісі іске қосылып, 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Өндіріс көлемі 12 есеге өскен. Мәселен, 2010 жылғы 4 мың бірлік болса, 2019 жылы 50,4 мың бірлікке жеткен. Машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 26%-ға жетті..
2019 жылы автомобиль өнеркәсібінде 50 447 бірлік көлік құралы өндірілген болса, оның ішінде 44 077 бірлігі жеңіл автомобиль. Барлығы 359,5 млрд теңге жұмсалған.
Отандық көлік, жаңа бренд жасап шығара алмадық. Автокөлікті құрастыру саласында торапты құрастырудан ұсақ торапты құрастыруға көштік. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар қолға алынды. 2014 жылы электромобильдердің бірінші партиясы шығарылғанын да айта кеткен жөн. Сонымен бірге отандық өндірістің 15 электроавтобусы қазір қолданыста.
2019 жылы өндірілген автокөліктердің бестігі: Hyundai автомобилі 16 332 бірлік Lada 14 623 бірлік Ravon автомобилі 5 366 бірлік Kia 3683 бірлік JAC 2 775 бірлікКөп сатылатын автомобиль брендінің 5-тен 4-і отандық өндіріске тиесілі. Елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл модель, 22 әлемдік бренд жиналады. Бүгінгі күні елімізде сатылатын автомобильдердің 60%-ы Қазақстанда шығарылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 629 автокөлік экспортталды. Олар негізінен Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға шығарылды. Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігін өткен жылы JAC (1471), Hyundai (716) және Ravon (442) маркалары құрады. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, ресми диллерлер осы жылдың қаңтар айында 1 951 жеңіл автокөлік сатқан. Одан кейінгі жағдай күрт өзгерді. Биыл коронавирус пандемиясы салдарынан автозауыттар жабылып, сатылым көрсеткіші азайған. Мәселен, тек сәуір айының өзінде жеңіл көліктердің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге азайған. Бар-жоғы 950 көлік сатылған екен. Қазақстанда құрастырылып, тұтынушылар ең көп сатып алған көліктер: 1.Lada Granta
2.Hyundai Tucson
3. Lada Vesta
4. Lada 4х4
5.Hyundai Accent
Қазақстандықтар арасында танымал модельдер:
Ravon Nexia R3
Hyundai Creta
Hyundai Elantra
Lada Largus
KIA Rio
Сұңқарбек Батанұлы