Бүгін «Ұстаздар» аллеясы да пайдалануға берілді.
Ондағы орындықтар сызғыш, өшіргіш, бор секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Ал жарық шамдары қаламсап ретінде жасалды. Кітап қойылған ескерткіштің авторы - Нұрлыхан Ахпамбетов. Ол - сызу пәнінің мұғалімі.
Әзір мұндай жоба елімізде жоқ. Сонымен қатар, Елорда күніне орай Түркістан облысының Кентау қаласында тағы бір нысан ашылды.
Соның бірі – биыл 175 жылдығын ел болып атап өтіп жатқан Ұлы Абайдың ескерткіші. Оның биіктігі - 4 жарым, тұғыры - бес метр. Ақыл-ой алыбының еңселі ескерткіші қала орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Авторы белгілі мүсінші - Бауыржан Жалын.