Коронавирус бойынша 110 өлім жағдайы тексеріліп жатыр
Коронавирус бойынша 110 өлім жағдайы тексеріліп жатыр
275
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан болатын өлім-жітімді зерттейтін комиссияның жұмысын баяндады.
«Комиссия ақпаратты өңдеп үлгере алмай жатыр. Бұрын күніне 1-2 адам өлген кезде комиссия үлгеретін, ал қазір мұндай жағдай көбейді. Адам коронавирустан өлді ме, әлде, созылмалы ауруынан өлді ме, оны комиссия анықтайды. Осы комиссиядағы көптеген әріптестеріміз вирус жұқтырып алды. Тиісінше, ақпарат алу жеделдігі де азайды. Сондықтан, қосымша жұмыс күшін тартамыз», - дейді Цой.
Айта кетейік, өткен аптада 30 маусым мен 6 шілде аралағында елде 76 адам коронавирустан көз жұмды. Комиссия бұдан бөлек, әлі 110 адамның өлімін тексеріп жатыр.