8 шілдеден бастап кейбір жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады
8 шілдеден бастап кейбір жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады
© сурет интернеттен алынды
220
оқылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап күші жойылғанға дейін Атырау станциясы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондардың келуі мен жөнелтілуі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
  • - № 41/42 «Атырау-Алматы-1» Атыраудан жөнелтілетін 09/07-20, Алматыдан-1 келетін/жөнелтілетін 11/07-20, Атырауға келетін 13/07-20;
  • - № 313/314 «Атырау-Маңғыстау» Атыраудан жөнелтілетін 08/07-20, Маңғыстаудан келетін/жөнелтілетін 09/07-20, Атырау қаласынан жөнелтілетін 10/07-20;
  • - № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызы Ақтөбе қаласынан  жөнелтілетін 07/07-20, Атыраудан келетін/жөнелтілетін 08/07-20, Ақтөбеге  келетін 09/07-20;
  • - 05/07-20  бастап Алматыдан жөнелтілетін, 08/07-20 бастап Құлсарыға келетін/жөнелтілетін, 11/07-20 бастап Алматыға келетін №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» жолаушылар пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын «Алматы-2 - Құлсары» вагондары.
Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.