Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
© сурет интернеттен алынды
759
оқылды
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди хабарлады.
"Елде төтенше жағдай жарияланғалы бері әлеуметтік желі бақыланып отыр. Төтенше жағдай 11 мамырда аяқталса да, біз әлеуметтік желіні белсенді бақылауды тоқтатпадық.  Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату бойынша 86 қылмыстық іс қозғалып, 6 адам бас бостандығынан айырылды. Құқықтық жауапкершілік қылмыстық заңнамамен нақты анықталған", - деді ол ОКҚ-де онлайн брифингте.
Айта кетейік, бұған дейін Алексей Калайчиди дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сатқандарға  және заңсыз саудалағандарға айыппұл салынатынын айтқан болатын.