Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
253
оқылды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған өз хатында Елба­сы­ның тәуелсіз Қазақстанның қа­лыптасуы мен өркендеуіндегі рөлін ерекше атап өтті. «Қазақстанның игілігі жо­лын­­­дағы қызметіңіз, мол тәжі­ри­беңіз бен парасаттылығыңыз Өзіңіз үл­кен үлес қосқан Түркі әле­мінің бір­лігі мен тұтастығын ны­ғайтуда маңызды рөл атқарады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге және отбасыңызға мық­ты денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр, ал бауырлас және достас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тілеймін» деп жазды Режеп Тайип Ердоған. Түркіменстан президенті Гур­бангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, Ота­нына деген сүйіс­пен­ші­лігі мен оның тағдырына ара­ласуы жас ұрпақ үшін лайықты үл­гі екенін атап өтті. «Сіздің 80 жылдық мерей­тойыңыз­ға орай менің жүрекжар­ды құттықтауым мен ізгі тілегімді қа­был алыңыз. Қазіргі таңда Қазақстанның қо­ғамдық-саяси өмірінің барлық са­ла­сында қол жеткізген табыс­тары, елдің экономикалық да­муын­дағы елеулі жетістіктері, ха­лық­аралық аренадағы беделінің ны­ғаюы Сіздің атыңызбен тығыз байланысты» делінген Түркі­мен­стан президентінің жеделхатында. Бельгия королі Филипп пен Мон­ғолия президенті Халт­маа­гийн Баттулга да өздерінің құт­тық­тау­ларында Тұңғыш Пре­зи­дентке жә­не Қазақстан халқына бақ-бе­реке тіледі.