Мерекеде баспаналы болды
Мерекеде баспаналы болды
264
оқылды
Өкінішке қарай, осындай атаулы күні баспаналы болғандардың қуанышын қалың көпшілікпен бөлісудің реті келмеді. Қоныстойына арналған салтанат  қысқартылған түрде өткізілді. Талғар қаласында жалпы ауданы 340 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Солардың құрылысы толық аяқталған үшеуінен берілген 170 пәтердің 61-і халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санатындағыларға, 34-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, 55-і көпбалалы отбасыларға, 20-сы мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне бұйырды. Қалған үш үйдегі 170 пәтерге де жақын күндері жаңа қоныстанушылар кіреді. Ал келесі жылы 9 қабатты 5 үйдің (360 пәтер) құрылысы басталады, – дейді Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров. baspana1 Кеген ауданында да көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға жеке үйлердің кілті табысталды. Елорда күнінде тарту етілген үйлер  «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында салынған. Баспаналы болғандардың қатарында  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген қарт ана Рысалды Малдыбекова да бар.  Салтанатты шарада құқық қорғау саласының бір-бір қызметкері де үйлі болып, мерейлері тасыды. Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов мереке күні шаттыққа кенелген отбасыларға жақсылық тілеп, жылы лебізін арнады. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Алдағы уақытта аудан орталығында 36 тұрғын үй салынады.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы