Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан жазылып шыққанын хабарлады.
«COVID-19 анықтау үшін соңғы тапсырған тесттен кейін, мен қатаң түрдегі оқшаулау режимінде болып, дәрігерлердің барлық талаптарын орындадым. Аталған шаралар, менің денсаулығыма оң әсерін тигізді, оны коронавирусқа арналған екінші тест көрсетіп теріс нәтиже берді. Бүгіннен бастап мен әдеттегідей жұмысымды жалғастырамын», - деп жазды ол.⠀Қайта жұмысына кіріскен қала басшысы шаһарда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін айтты.
«Кеше ғана облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов бас дәрігерлердің қатысуымен ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында облыс әкімі бізге медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің болуы туралы мәліметтерді жариялауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда қаланың уақытша және жұқпалы ауруханаларында дәрі-дәрмектердің қоры жеткілікті. Қаладағы қол жетімді дәрілердің жалпы саны 74929 бірлікті құрайды, оның ішінде 12947 – ыстық түсіретін, 1141 - вирусқа қарсы препараттар және 60841 - антибиотиктер. Аталған дәрі-дәрмектер ауруханалар жаппай толған кезде де көмек көрсету үшін жеткілікті», - дейді ол.Дегенмен, қала басшысы дене қызуын төмендететін препараттардың жетіспейтінін айтты және қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
«Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жоғары бағамен сатылу фактілерін анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтер өткізіліп тұрады. Дегенмен, қала дәріханаларында ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың жетіспейтіндігін мойындауымыз керек. Дәрі-дәрмектерді халықтың жаппай негізсіз сатып алуы фармацевтикалық нарықтағы тапшылықтың басты себептерінің бірі болып отыр. Бұл –шешімін табатын мәселе. Бүгіннен бастап жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді жеткізу басталды және бұл бағыттағы жағдай қалыпқа келеді. Бұл індетті тезірек жеңіп, қалыпты тіршілікке оралу бәрімізге ортақ мақсат. Сондықтан, мен, тағы бір мәрте, баршаңыздан бекітілген сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын», - деді жазбасында.Еске салайық, қала әкімі 1 шілдеде бойынан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.