Дәрі бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық - Бас мүфти
Дәрі бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық -  Бас мүфти
© сурет интернеттен алынды
225
оқылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәрі бағасын қолдан қымбаттатпай, жақсылық жасауға шақырды. 
«Асыл дінімізде қажет уақытта керек көмекті жасау үлкен сауапты амалдың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғысын алайық. Дәрі бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жән-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық», - деді ҚМДБ төрағасы видеоүндеуде.
Бас мүфтидің көптеген азамат сынақ сәтінде садақа беріп, құрбан шалып, дұға етіп жатқандығын атап өтті. Садақамыз бен құрбандығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болсын деген тілегін жеткізді.
«Біз тағы да жамағатпен дұға жасап, истиғфар, салауат айтуға ниет етіп отырмыз. Халық даналығы: «Көп тілегі көл болар« дейді. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, салауат пен истиғфар айтуға шақырамын. Халқымыз: «Ауыр жол – атаңды сынайды, ауыр іс – адамды сынайды» деген. Расында бұл сынақ жас пен жасамысқа оңай тиіп жатқан жоқ. Алла Тағала дертке шалдыққандарға шипа беріп, дәм-тұзы таусылған жандарды мейіріміне алғай. Әмин!», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
https://www.youtube.com/watch?v=z0eWvU6SAeQ&feature=emb_title